Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Павлодар мұнай зауытына қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды

2022 жылғы 12 сәуір 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар мұнайхимия зауытына қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады. Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады», - делінген хабарламада.Еске салсақ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры О. Алсеитов және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, зауыт басшысы екі айға қамалды.

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары