Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарын кейінге шегеру мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Энергетика министрлігі Нұрлан Ноғаев ел алдындағы есептік кездесуін қорытындылаған брифингіде айтты.

«Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары биыл шілде-тамыз аралығына жоспарланған болатын. Оңтүстік өңірлерде қалыптасқан жағдай мен теңгерімді ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірге жөндеу уақытын кейінге шегеру мәселесін қарастырып жатырмыз. Жуық арада біз нақты шешім шығарып, қосымша ақпарат береміз»», - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, Нұрлан Ноғаев ел алдындағы есептік кездесуде Теңіз, Қашаған,Қарашығанақ кен орындарынан 3,3 млрд доллар алым-салық түскенін мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар