Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 16 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Павлодар мұнай--химия зауытының директоры қызметінен босатылды

2017 жылғы 7 қараша 21:51 1763
Бөлісіңіз:
Павлодар мұнай--химия зауытының директоры қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия өңдеу зауытының бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» АҚ өңдеу және маркетинг» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Павлодар мұнай-химия өңдеу зауытының бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылды.  Мұнай өңдеу зауытының Бас директоры міндетін Оспанбек Балтабайұлы Әлсейітов атқарады», - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Шымкент, Павлодар және Атырау қалаларындағы мұнай зауыттарының басшыларымен кездесіп, олардың кәсіпорындарды жаңғырту жұмыстары туралы есептерін тыңдады.

Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Данбай Шухраттың жұмысын қатаң сынға алған болатын.

«Мен сізге 1 қараша күні тапсырма бердім, сіз 8 қарашада зауыттың бірқатар құрылғысы іске қосылатынын айттыңыз. Бүгін 7 қараша. Бүгін құрылғының 10 қараша орнатылатынын айтып отырсыз. Бұл дегеніңіз нарыққа жолдағалы отырған бензиннің мөлшері азаяды деген сөз. Ол арзан бағамен ресейлік бензинді нарықтан ысыратын қазақстандық бензин болуы керек еді. Сіз бұл мәселені созған сайын ел үшін қиынға түсе береді. Меніңше, мәселені шешпесеңіз, бұл тұрғыда сізбен әңгімені жалғастырудың да мәні қалмайды. Екінші сұрақ: жөндеу жұмыстарын сапасыз жүргізгендіктен, сіздің зауытыңызда айына 150 мың тонна емес, 25 мың тонна дизельдік отын өндірілетін болады. Демек, сіз бұл дизельді отынды импорттауға тура келеді. Осы себепті, меніңше, бұл жұмысты тығырыққа тіредіңіз деп есептеймін. Айыпты техникадан көру әлбетте түсінікті. Бізде бензин мәселесі бар еді, бұдан былай бізде дизельдік отынға қатысты мәселе туындауы ықтимал. Сондықтан, сіздің тарапыңыздан атқарылған жұмысқа қанағаттанатындай дәрежеде емес деп баға беремін», - деген болатын Қанат Бозымбаев.

 

 

 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат