Павлодар мұнай химия зауытының басшысы Оспанбек Алсейітов екі айға қамалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті дизель отынын өндіру процесін компаундирлеу бойынша «ПМХЗ» ЖШС функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады.

Ол бойынша «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры О. Б. Алсеитов және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«ПМХЗ» ЖШС директоры О.Б. Алсеитовке қатысты мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Соңғы жаңалықтар