Павлодар мұнай-химия зауытын жөндеу жұмысы күзге қалдырылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауытында 24 шілдеде басталуы тиіс жоспарлы-алдын ала жөндеу осы жылдың қыркүйегіне ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл шешім күзгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерінің ыңғайлы көлемін жинақтау мақсатында қабылданды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар