Павлодар мұнай-химия зауыты 2016 жылдан бастап, Еуро-4 санатты жанармай шығарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның Даму банкі» АҚ «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ні жетілдіруді қаржыландырады.

Белгілі болғандай, «кілтпен тапсыру» келісімшартының құны 1,2 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрап отыр. Жобаның басым бөлігі жапон банкілерінің клубтық қарыздарының есебінен қаржыландырылады. ҚДБ қажетті қаражаттың шамамен 25 пайызын несиелеп, 10 жылға дейінгі мерзімге құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге береді. Несие беру валютасы - теңге.

ҚДБ мәліметінше, жобаны жүзеге асыру зауытта шығарылатын мотор майларының сапасын К4 және К5 (Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкес) экологиялық сыныптарының талаптарына сәйкес болуына дейін арттыруға, сонымен қатар кәсіпорынның мұнай өңдеу қуаттылығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жетілдіру жұмыстары нәтижесінде зауыттың батыссібір мұнайын өңдеу бойынша өнімділігі де жылына 5 миллионнан 7 млн тоннаға дейін ұлғайды, жылына 5 млн тоннаға дейінгі көлемде қазақстандық мұнайды өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Алғашқы екі қондырғылар кешенін іске қосқаннан кейін ПМХЗ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, К4 санатты мотор жанармайын шығара алатын болады. Ағымдағы өндірісті тоқтатпай жүргізілетін зауыттың толық жетілдірілуі 2017 жылы аяқталады.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС - «ҚазМұнайГаз-өңдеу және марекетинг» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы. Қазақстандағы ең ірі мұнай өнімдерін өндіру кәсіпорны.

Соңғы жаңалықтар