Павлодар мен Екібастұзда бес инклюзивті әмбебап алаң пайда болады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жылдың соңына дейін «Samruk Kazyna Trust» қорының демеушілігімен Павлодар қаласында үш инклюзивті әмбебап алаңы пайда болады және дәл сондай екі алаң Екібастұзда ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Қабиевтың мәліметінше, бастапқыда барлық бес алаң Павлодар қаласында орнатылуы тиіс болды. Кейін оны екіге бөліду шешкен.

«Аумағы 400 шаршы метрді құрайтын алаңдар Қамзин, 68, Естай, 146 және Астана, 10 мекенжайларында пайда болады, - деді ведомство басшысы. - Алаңдар дайын тұр. Жақын арада олар орнатылатын болады. Олардың әрбіреуінде стрит-воркаут, дала тренажерлері, хоккей корты мен балалар ойын алаңы бар. Аталған алаңдарда ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастар да осында жаттығу жасай алады».

Айбек Қабиевтың айтуынша, Бектұров көшесі, 115 үйінің ауласында да осындай жабдықтар орнатылуы тиіс еді, бірақ бұл жердегі үлкен хоккей кортын қимаған.

«Осында балалар да ересектер де уақытын өткізе алады. Үйлердің қасында жасөспірімдер клубы бар. Соныдқтан да, ұйымдардың тәрбиеленушілері де бұл жерде жаттыға алады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгінгі күні қалада жеті инклюзивті әмбебап алаң орнатылса, Ақсу қаласы мен Ленин кентінде біреуден бар.

Соңғы жаңалықтар