Павлодар мектептерінің наубайханалары нанды темірмен байытылған ұннан пісіретін болады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мектептері темірге, А, А1, В2 дәрумендері мен фолий қышқылына бай нан, тоқаш және бәліш өнімдерін жасау үшін фортификацияланған ұнды ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Жасөспірімдер арасында ас қорыту жүйелері ауруларының және темір жетіспеушілігінің алдын алу үшін қала мектептері мен Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы фортификацияланған ұнды жеткізу мақсатында арнайы меморандумға қол қойды. Яғни, аталған құжаттың көмегімен қала мектептерінің 100 пайызы білім алушыларға нан-тоқаш өнімдерін әзірлеуге арналған фортификацияланған ұнмен қамтылады. Осылайша, жасөспірімдер арасындағы темір жетіспеушілігі мәселесін шешеміз», - деді Павлодар қалалық білім бөлімі секторының меңгерушісі Қуаныш Қыдырәлин.

Павлодардың барлық мектептері енді фортификацияланған ұннан жасалған нан-тоқаш өнімдерін пісіретін болады. Ол темір мен әртүрлі дәрумендерге бай болғандықтан, мектеп оқушыларының денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді. Мекемелердің тоғызында нанды дәл осы ұннан пісіреді.

Технологтардың айтуынша, нан мен тоқаш жасалатын фортификацияланған ұн қан аздығы мен ас қорыту жүйелері ауруларының алдын алуға көмектеседі. Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина 2017 жылдың соңында Павлодар облысында 6000-ға жуық адам қаназдықпен ауырғанын жеткізді. Олардың 43 пайызы - балалар.

Соңғы жаңалықтар