Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Павлодар мектептерінің 25 пайызы жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізеді

2019 жылғы 19 наурыз 04:41 526
Бөлісіңіз:
Павлодар мектептерінің 25 пайызы жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардың №7 жалпы орта білім беру мектебінде үш тілді оқыту бойынша «Үздік сабақ әзірлеу» жөніндегі І қалалық байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қатысты пікір білдірді

Конкурстың мақсаты - педагогтарды жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесін жетілдіруге ынталандыру. Қалалық білім беру бөлімінің көптілділік жөніндегі әдіскері Назира Сәбитованың айтуынша, байқауға қаламыздағы барлығы дерлік мектептердің мұғалімдері қатысты.

«Бұл байқау қаламызда алғаш рет өткізіліп отыр. Конкурсқа жалпы саны 83 жұмыс келіп түсті. Физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшынша оқыту бойынша әзірленген сабақтарды облыс орталығындағы мектептер директорларының орынбасарларынан құрылған арнайы комиссия бағалайды», - дейді Назира Сәбитова.

Келіп түскен жұмыстардың 26-сы биология пәні бойынша, 19-ы - информатика бойынша. Комиссия құрамындалар жұмыстардың пәндік мазмұны мен оның ағылшын тіліндегі дұрыстығын бағалайтын мамандар бар. Қалалық білім беру бөлімі өкілдерінің айтуларынша, үздік үш орынға ие болғандар дипломдармен марапатталады. Оған қоса, конкурсанттар «Үздік SMART-сабақ», «Үздік CLIL-сабақ», «Үздік ІТ-сабақ», «Тілдік емес пәндер ішінде ағылшын тіліндегі үздік жоба», «Жас ұрпақ», «Сабақтың үздік мазмұны» секілді номинациялар бойынша өз бағасын алады.

Сонымен қатар, таңдалып алынған үздік жұмыстар көптілде оқытудың арнайы деректер базасына енгізіледі. Бұл жинақ барлық мектептерге таратылады.

«Қазіргі кезде қаламыздағы мектептерде жаратылыстану пәндерінің шамамен 25 пайызы пилоттық режимде ағылшын тілінде оқытылады. Жоспарға сәйкес 2019-2020 оқу жылында кейбір мектептердегі 10-11 сыныптар бұл пәндерді толығымен ағылшынша оқи бастайды. Осы мақсатқа бүгінде қаламызда 146 мұғалім оқытудан өтіп, ағылшын тілін меңгеру бойынша В1, В2, С1 дәрежесіне ие», - дейді Н.Сәбитова.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Білім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT