Павлодар мектептері жаңа форматтағы оқулықтармен қамтылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар білім бөлімі мектептер үшін тек қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, ағылшын тіліндегі кітаптарды да сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшінші, алтыншы және сегізінші сыныптарға арналған жаңа форматтағы оқулықтар мен әдістемелік құралдардың электрондық нұсқаларын да алуға болады. Олар 2018-2019 оқу жылының басында қолжетімді болады. Кітаптардың электронды көшірмесін алу үшін планшетке немесе телефонға арнайы QR-кодтарды сканерлеу қажет. Оқулықтар оқу бағдарламаларына толық сәйкес келеді», - дейді Павлодар білім бөлімінің өкілдері.

Білім бөлімі берген мәліметтерге қарағанда, оқулықтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Бұдан тыс, мектепке дейінгі білім мекемелері, шағын орталықтарға арналған оқу-әдістемелік кешендер де алынды.

«Үш тұғырлы тіл жобасы жүзеге асырылып жатыр. Балалар биология, физика, химия, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқитын сыныптарға жағдай жасалып жатыр», - дейді шенеуніктер.

Ағылшын тіліндегі 4 440 экземпляр оқулық сатып алынды. Оқулықтарды сатып алу үшін білім бөлімі он екі баспамен келісімшарт жасасты. Барлығы 428 047 экземпляр сатып алынды. Қазірге дейін «Бөбек», «НИМ», «Алматыкітап», «Атамұра», «Астана кітап», «Арман-ПВ» баспаларының кітаптары жеткізілген.
«Мектеп оқушыларына кітаптар мен жұмыс дәптерлері тегін беріледі», - дейді білім бөлімінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар