+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Павлодар мекемелеріне қашықтан жұмыс істеуге көшу ұсынылды

2020 жылғы 18 наурыз 18:03
Бөлісіңіз:
Павлодар мекемелеріне қашықтан жұмыс істеуге көшу ұсынылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты Павлодар облыстық еңбек басқармасы барлық мекемелерді онлайн жұмыс режиміне көшуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның еңбек заңнамасы еңбек қызметінің түрлі тетіктерін - толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу, қашықтан жұмыс жасауды орнату, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және тағы басқаларын қарастырады. Мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерді уақытша жұмыссыз қалдыруға құқығы бар», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық еңбек басқармасынан.

Еңбек шарты бойынша, егер жұмысты уақытша тоқтата тұрудың себебі кәсіпорын мен қызметкерге байланысты болмаса, ол еңбек және ұжымдық шарт бойынша рәсімделеді.

Жұмысты уақытша тоқтату төлемі ең төменгі жалақыдан – 42500 теңгеден аз болмауы тиіс, деп атап өтті аймақтық басқармадан.

«Егер ұйым өз қызметін тоқтатып, қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмаған еңбек демалысына жіберсе, еңбек басқармасының өкілдері +77056092989 нөміріне хабарласуды сұрайды. Хабарламаны WhatsApp мессенджері арқылы және жасырын түрде қалдыруға болады. Бұл шара, ең алдымен, қолда бар фактілерге талдау жүргізуге және төтенше жағдай кезінде жұмыс берушіге кәсіпорын қызметінің қазіргі тетіктері туралы хабардар етуге бағытталған», - деді ведомстводан.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елімізде 16 наурыздан бастап ТЖ режимін енгізді. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

Авторы: Антон Гагарин


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT