Павлодар маңында жеті адам зардап шеккен жол апаты бойынша соталды тергеу басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар – Аққулы трассасында жеті жолаушы зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар – Аққулы автожолының тоғызыншы шақырымында «Nissan Cefiro» маркалы екі және «Audi 100» маркалы бір көлік соқтығысқан жол апаты болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша соталды тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деп Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүған дейін Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі жол-көлік апатында үш автокөліктің соқтығысып, нәтижесінде жеті адамның ауруханаға түскендігі туралы хабарлады. Кенжекөл және Байдала ауылдарының арасында болған жол апатынан бес ересек адам және екі бала зардап шеккен.


Соңғы жаңалықтар