Павлодар маңында екі бала тоққа түсіп, көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар маңында электр қуатынан екі бала көз жұмды. 12 және 14 жастағы ұл балалар металл торға өрмелеп шығып, бірі жоғары вольтты сымды ұстап алған, деп хабарлайды Хабар.24.

Қайғылы оқиға таяуда Жаңа ауыл кентіндегі қоршалған футбол алаңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімдер сымға ең бірінші кімнің шығатынына бәстескен. Балаларды тоқ соғып, екеуі де оқиға орнында қаза тапты.
6 киловольттық кернеулі электр берудің әуе желілері «Павлодарэнерго» АҚ-ға тиесілі екені белгілі. Полицейлер балалардың қаза табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жасақталды.

«Жедел жәрдем қызметі 8 минутта келді. Ойын алаңының жанынан 2004 және 2006 жылы туған екі бала табылды. Екеуін де тоқ соққан. Биологиялық өлім тіркелді», - деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Шахмарданов.

Соңғы жаңалықтар