«Павлодар-Құс» фабрикасында жұмыртқа өндіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетекші ауылында орналасқан «Павлодар-Құс» фабрикасы балапандар сатып алып, алғашқы кезеңде жылына 63 миллион жұмыртқа шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі күні құс фабрикасында құс қорасы мен жұмыртқаларды іріктеу цехының құрылысы аяқталған. Кәсіпорынға салынған инвестиция сомасы 500 миллион теңгені құрайды. Жобаның жалпы құны - 1,5 миллиарда теңге.

«Біз балапандардың алғашқы партиясын әкелдік. Оларды 130 күн бойы өсіріп, тамақтандырамыз. Өз өнімізді жеткізу бойынша «Крендель» ЖШС, «СЭДО» ЖШС және «Small» супермаркеттер желісімен келісім жасадық, - дейді «Павлодар-Кұс» ЖШС-нің директоры Ерлан Досыбаев.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс әкімі Болат Бақауов құс фабрикасының жоғары деңгейде жабдықталғанын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығына Жетекші ауылы тұрғындары үшін 60 жаңа жұмыс орнын ұсынғаны үшін алғысын білдірді.

«Мен мұнда бірінші күннен бастап жұмыс істеймін. Ауыл жастары үшін осындай жалақысы жоғары жұмыс болғанына өте қуаныштымыз», - дейді құс фабрикасының жөндеуші операторы Шыңғысхан Абдырахманов.

Айта кетерлігі, кәсіпорында құны жүз млн теңгені құрайтын құрама жем зауыты жұмыс істейді. Осының нәтижесінде құс фабрикасы жемнен таршылық көрмейтіндігіне сенім зор.

Соңғы жаңалықтар