Павлодар көшелерінде 100-ге жуық тіл заңнамасын бұзу фактісі анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар көшелерінде 100-ге жуық тіл заңнамасын бұзу фактісі анықталған. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көрнекі ақпарат құралдарының заңнама талаптарына сәйкестігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Мониторинг кезінде қарапайым ережелердің сақталуы тексеріледі: ақпарат міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы, мәтіннің дұрыс орналасуы, қатесіз болуы және мағынасын бұрмаламау.

- Биыл сәуір-мамыр айларында Назарбаев даңғылы, М.Жүсіп, Қайырбаев, Бұқар жырау, Едіге би сияқты ірі көшелерге 10 мәрте мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 97 заң бұзушылық фактісі анықталды. Ең жиі кездесетін қателіктер - маңдайшалар, прейскуранттар тек орыс тілінде жазылған, сондай-ақ қазақ тілінен қате аударылған және грамматикалық қателер. Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлерді жазалау емес, тіл заңнамасын сақтау бойынша кеңес беру, - деді бөлімнің бас маманы Ілияс Серім.

Айта кетейік, көрнекі құралдардағы анықталған қателіктерді түзету үшін 3 күннен 15 күнге дейін уақыт беріледі. Егер аталмыш заң бұзушылық біл жыл ішінде 2-3 мәрте қайталанса 5-тен 25 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар