Павлодар қаласының жаңа гербіне байқау жарияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында шаһар гербінің жаңа нобайына байқау жарияланды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Оған Қазақстанның барлық жастағы тұрғындарының жұмыстары қабылданады.

Жұмыс нобайына қойылатын басты талаптардың бірі - қала тарихын суреттеу, оның жоғары эстетикалық деңгейі, орындалуының стильдік біртұтастығы, жаңашылдығы және тың ойының болуы. Шешімді суретшілер, өнертанушылар, дизайнерлер және тарихшылардан құралған қазылар алқасы қабылдайды. Байқау комиссиясы жұмыстарды 2015 жылдың 10 шілдесіне дейін қабылдайды, жобаларды қорғау 15 шілдеге жоспарланған. Гербтің үздік нобайлары Павлодар қалалық мәслихатының сессиясында қарастырылып, бекітіледі. Бекітілген байқау жұмысының жеңімпазына ақшалай сыйақы төленеді. Гербтің нобайларын [email protected] электрондық мекенжайына немесе ұйымдастыру комитетінің Павлодар қаласы Володарский көшесі, 129, «Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ пошталық мекенжайына жолдауға болады.

Соңғы жаңалықтар