Павлодар қаласының Бас жоспарының жобасы бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Павлодар қаласының Бас жоспарының жобасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EGEMEN QAZAQSTAN басылымына сілтеме жасап.

Қаулы ресми түрде жарияланғаннан бастап күшіне енгізілді. Павлодар қаласының Павлодар қаласының Бас жоспары қала құрылысын аймақтарға бөлуді, аумақтың жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастырылуын, көліктік және инженерлік коммуникациялар жүйесін, көгалдандыру мен абаттандыру жүйесін белгілейтін негізгі қала құрылысының құжаты болып табылады.

Бас жоспар бастапқы жыл (2015 жыл), бірінші кезек (2022 жыл) және есепті мерзімдегі (2032 жыл) жобалау кезеңдерінен тұрады.

Павлодар қаласының Бас жоспары аумақтық дамудың ұзақ мерзімді перспективаларын, сәулет-жоспарлау құрылымының қалыптасуын, аумақтарды функционалды-қала құрылысы аймақтарына бөлуді, қызмет көрсету және жалпықалалық мақсаттағы нысандарды орналастыру, көше жол желісін және көліктік қызмет көрсетуді, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және тағы сол секілді іс-шараларды айқындайды.

Бас жоспар бойынша қаланың бүкіл тұрғын-үй қорын 9 558 шаршы метрге дейін арттырып, 1 адамға 24,2 шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, онда өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылған. Мұндағы мақсат - олардың экологиялық қауіпсіздігін арттыру және қала құрылысы әлеуетін шаһардың дамуы үшін тиімді пайдалану болып табылады.

Бекітілген Бас жоспармен толықтай «EGEMEN QAZAQSTAN» басылымының 2018 жылдың 21 маусымында шыққан санында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар