Павлодар қаласының әкімі құбырларға қысылып қалған бұғыны құтқаруға қатысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қалаға адасып кірген бұғы үлкен жылу құбырларының арасына қысылып қалған. Аңды құтқарушылар босатып жатқан кезде сол жерге қала әкімі де келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде Павлодар қаласын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша айлық жарияланған еді. Әкім таңертеңнен бастап қаланы аралады. Алайда  ол жиналып тұрған көп адамды көріп, олардың қасына аялдаған. Оқиға орнында ветеринария, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, ТЖ өкілдері жұмыс істеді», - деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әпсәлікова.

Кешке таман әлеуметтік желілерде Павлодар көшелерінде жүрген бұғының суреті мен видеосы таралды. Ал таңертең жануар Ломова көшесіндегі жылу жолының құбырларының арасында қысылып қалған.

Кейін белгілі болғандай, бұғыны автокранмен көтеріп, артынан жүк көлігіне тиеп алып кетпекші болған. Алайда үріккен жануардың маңайына ешкімді жолатпаған.

Ақыр-соңында, ТЖД қызметкерлері оны босатты, еркіндікке шыққан бұғы алды-артына қарамастан зытты. 

Соңғы жаңалықтар