Павлодар қаласында атақты ғалым Әбікен Бектұровтың 110 жылдығы аталып өтті

None
None
ПАВЛОДАР. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласында академик Әбікен Бектұровтың ескерткішіне гүл қойылды.

Оған оқытушылар мен студенттер, ғалымның туыстары сондай-ақ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары келді. Айта кетейік, өткізіліп отырған шара атақты ғалымның ғылыми шығармашылығына арналған.

«Ә. Бектұровтың еткен еңбегі бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ, - деп атап өтті Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын. - Ол Қаныш Сәтбаев, Әлікей Марғұлан сынды атақты ғалымдармен бірге Қазақстанның ғылымын құрып, өзіндік үлесін қосқан ірі химик ғалым және ұйымдастырушы болды».

Бүгінгі күні ғалымның туған жерінде химия саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Павлодар қаласында мұнайхимиялық зауыттың жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда мембраналық тәсілмен сода және хлор шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Айта кетейік, бұл республикамызда салынған полистирол және метил-трет-бутилдік эфир шығаратын алғашқы кәсіпорын. Сондай-ақ жаңа химия өнімдерін шығаратын экономикалық аймақ құрылып жатыр.

Облыс орталығындағы көшелердің біріне атақты ғалымның есімі беріліп, мемлекеттік университеттің аумағында Ә. Бектұровтың ескерткіші қойылған. Оған қоса, академик Бектұров атындағы шәкіртақы тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар