Павлодар қаласына 206 адам көшіп келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өткен жылы Павлодар қаласына 36 отбасы қоңыс аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат шаһар әкімдігіне сілтеме жасап.

«2017 жылдан бастап Павлодар қаласы еңбек күші мол өңірлерден қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдайды. Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы Павлодарға 36 отбасы көшіп келді. Барлығы 206 адам, оның ішінде 14 отбасы – жақын шетелдерден келген оралмандар. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында жаңадан келген павлодарлықтар қоныс аударуға субсидия, сондай-ақ тұрғын үйді бастапқы жалдау шығындарын өтеуге қаражат алды», - делінген әкімдік мәліметінде.

Еріктілердің бірі - Моңғол Халық Республикасынан Қазақстанның солтүстігіне көшіп келген Шыңғыс Мұстахин. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша оқыды. Оқуды аяқтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «Nur Otan» партиясының филиалына жастар практикасының маманы ретінде жұмысқа орналастырылды. Бір жыл ішінде оған тұрғын үйді жалға алу бойынша шығындарды өтеуге субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, Шыңғыс көшуге бір жолғы 88,4 мың теңге субсидия алды.

Алдағы жылы белгіленген квота бойынша 108 отбасы, барлығы 540 адам келетіні күтіледі.

Қазақстандықтардың қоныс аударуы еңбек күші мол облыстардан (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда), сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан жүргізіледі.

Атап өтілгендей, бірде-бір отбасы бұрынғы тұрғылықты жеріне қайтып оралмаған.








Соңғы жаңалықтар