Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жаңғырту мәселесі пысықталып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жаңғырту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Транзиттік рейстерге қызмет көрсету және ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдарында барлығы 22 әуежайдың ұшу-қону жолағы жағыртылды және салынды. Сондай-ақ, 16 әуежайда жолаушылар терминалдары салынып, қайта жаңартылды. Өткен жылы 5 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Орал және Қостанай әуежайларындағы терминалдар, Өскемен, Үшарал және Үржар әуежайларының ұшу-қону жолақтары жаңғыртылды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, биыл Алматы, Шымкент, Қызылорда және Қостанай қалаларында 4 жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, Балқаш қаласы әуежайының перронын және рульдеу жолағын жаңғырту мәселесі пысықталуда», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар