Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ермұрат Нұрханов Павлодар қаласы әкімі орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қала әкімі Әнуар Күмпекеев жаңадан тағайындалған орынбасардың алдына бірқатар міндеттер қойды.

Ермұрат Нұрхановқа қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын жандандыруды, жылу беру маусымының өтуін және облыс орталығындағы тұрғын үй құрылысын қатаң бақылауға алуды тапсырды»,- деді баспасөз қызметінде.

Ермұрат Нұрханов 1979 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданында туған. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Басқару мен ақпаратты өндеудің компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2002 жылы Шарбақты ауданы Шегірен орта мектебінің компьютер сыныптарын жабдықтау инженері болып бастады.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2003 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы болып бастап, Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болды. 2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың сәуір айына дейін коммуналдық мәселелер бойынша Павлодар қаласы әкімі орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2016 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қарашасына дейін Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. 2017 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар