Павлодар қалалық мәслихатын Қобланбек Қожин басқарады

None
Фото: Павлодар қалалық мәслихатының баспасөз қызметі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының бірінші сессиясында төрағаны сайлау мәселесі қаралды. Бұл лауазымға бірауыздан Қобланбек Нұрмұханұлы Қожин сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат мәслихатқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жиында VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамы және комиссия төрағаларын сайлау мәселелері сөз болды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны А.А.Хабылкеков, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комисияны С.О.Жүсіпова, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Е.И.Яровенко басқарады.

Ал жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып М.А.Желнов, ал азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия басшылығына Қ.Қ.Әметов сайланды.


Соңғы жаңалықтар