Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан
2022 жылғы 10 тамыз 17:22

Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

9 тамызда полицияға Павлодар қаласының тұрғыны Айманов көшесі бойындағы Павлодар қаласының № 4 балабақшасында 3 жасар қызын тәрбиешінің көмекшісі ұрып-соқанын айтып, шағым түсірген.

– Аталған факті тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан алынған бейнематериалдарды зерттеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Фото: polisia.kz


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT