Павлодар ауруханасында шақалақ шетінеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық балалар ауруханасында сәби көз жұмды. Оның ата-анасы дәрігерлер баласын емдегісі келмейтініне шағымданған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы соңғы күнге дейін ауыр болған.
Баланың көз жұмғаны туралы оның ата-анасы әлеуметтік желіде хабарлады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәбидің өлімін растады. Өлімнің нақты себебін кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, нәресте соңғы апталарда Павлодар облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Баланың әкесі дәрігерлердің қосымша тексеруден бас тартқанын, ата-анасын жансақтау бөліміне жібермейтінін, қоңырауларға дөрекі жауап беріп, баланың жағдайы туралы толық мәлімет бермейтінін айтып шағымданған еді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы нәресте жағдайының ауырлығы тыныс алу жетіспеушілігімен, ауыр неврология симптоматикасымен байланысты болып отырғанын айтқан болатын. Бұл ретте нәресте қажетті ем қабылдап жатқанын жеткізді.

фото ашық дереккөзден алынды.


Соңғы жаңалықтар