Павлодар ауруханасында медициналық қалдықтар қоймасы анықталды: Тексеріс басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық Кардиология орталығында бірреттік қолдануға арналған және пайдалануға жарамсыз медициналық бұйымдар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, медициналық қалдықтар қоймада жатқан. Олар қолдану мерзімі аяқталғаннан соң талаптарға сәйкес жойылуы тиіс болатын. Бірақ, бұл шара қолға алынбаған. Емдеу мекемесінде сақталып жатқан заттар туралы жауапты мекемеге жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Болжам бойынша, ол – науқастардың бірі. Шағымнан кейін тиісті тексерістер қолға алынды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, препараттарды сақтауға және есептен шығаруға орталық мамандары жауапты. Талаптардың бұзылуына бас медбике немесе бас дәрігердің орынбасары жол беруі мүмкін. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан өзге ақпарат әзірге құпия сақталып отыр.

«Жұмыс тобы құрылып, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Материалдар құқыққорғау органдарына жолданды. Сонымен қатар прокуратура және сыбайлас жемқорлық жөніндегі ұлттық бюро өкілдеріне берілді», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова.

Соңғы жаңалықтар