+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Павлодар ауданында 40 жастағы ер адам суға батып кетті

2017 жылғы 15 шілде 03:38
Бөлісіңіз:
Павлодар ауданында 40 жастағы ер адам суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар ауданы Госплемстанция ауылында ер адам Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінде хабарлады.

«40 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде тыйым салынған жерде шомылған. Сағат 14:00-де куәгерлер оның денесін судан тауып шығарды. Құтқарушылардың айтуынша, жыл басынан бері 10 адам судан ажал құшты, оның үшеуі - бала. Суға кеткен ересектердің көбі мас күйінде суға түскен. 79 адам құтқарылды, оның - 30-ы бала», - делінген хабарламада.

- Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшыларымен бірге рейд шаралары жүргізіліп, аңдатпалар таратылады. Бірақ, адамдар оны ескермейді. Сондықтан бұдан былай қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтар, жағажайда ішімдік ішкендер мен балаларын қараусыз қалдырғандар әкімшілік жауапқа тартылады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабына сай 7-ден 60-қа дейінгі АЕК көлемінде айыппұл тағылады, - дейді департамент мамандары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT