Павлодар ауданында 39 жастағы ер адам жасанды су айдынында батып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар ауданының Луганск ауылында 39 жастағы ер адам жасанды су айдынына батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Сағат 19.10-да жергілікті тұрғындар ер адамның денесін жағаға алып шыққан. Ол шомылуға тыйым салынған орында суға түскен. Оқыс жағдайда қаза болған азаматтың ішімдік ішкені анықталды», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

 Өңір құтқарушылары тұрғындардан арнайы шомылуға жабдықталмаған орындарда суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Айта кетерлігі, 1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 14 адам суда ажал құшқан. Оның жетеуі - бала. 

Соңғы жаңалықтар