Павлодар арқылы Қырғыстанға кетіп бара жатқан көлік жүргізушісі үсіп қала жаздады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолда үсіп қала жаздаған көлік жүргізушісі Ресейден Қырғызстанға бара жатқан. Бұл туралы ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Жақсылық Байысбековтың айтуынша, Павлодар облысында мереке күндері қатты аяз, көктайғақ болады деп болжануда. Кей жерлерде ауа температурасы -43°дейін жеткен. Ескертулерге қарамастан, кейбір көлік жүргізушілері алыс жолдарға шығады. Нәтижесінде автокөліктер төмен температураға төтеп бере алмай, тас жолдарда тоқтап қалады.

«Шідерті кентінің жанындағы «Павлодар-Нұр-Сұлтан» автожолында жолды патрульдеу кезінде жүк көлігі көзге түсті. Жүк көлігінің жүргізушісі «Қазгидромет» орталығының ескертуіне қарамастан жолға шыққан. Біз келген кезде жүргізуші ешқайдан көмек күтпеген, қатты тоңып, үсіп қалуға шақ қалған. Келе жатып, жүргізушіден не болғанын сұрадық. Жүргізуші Ресейден Қырғызстанға жолға шыққанын айтты. Аязға байланысты машинада солярка қатып қалған. Осылайша, олар түннен бері тұрып, қатып қалған. Жүргізушілерді ең жақын лагерьге жіберіп, өзіміз көлікті жылытумен айналыстық», - деді патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Руслан Верещак.

Көлікті Шідерті ауылының жылы боксына жеткізген. Көлік жылығаннан кейін жүргізушілер қайта жолға шықты. Руслан мен әріптесі Азамат Шақшабаев жүргізушілермен әр сағат сайын хабарласып тұрған.

Қырғызстан Республикасының азаматы Ақтілек Арзыбеков полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Ер адам жүкті уақытылы жеткізу керектігін айтып ақталды.

Полиция хабарлағандай, бүгінде облыс автожолдарымен патрульдік полицияның 12 экипажы жүріп жатыр. Олардың жолдағы алғашқы әрекеттері – құқық бұзушылықтарға қарсы тұру және жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету.


Соңғы жаңалықтар