«Павлодар ӘКК» қорының бас директоры пара алды деп айыпталып отыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Павлодар «ӘКК «ҰК» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алды деп айыпталуда. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Павлодар «ӘКК» «ҰК» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

«Ол аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау қызметін көрсету туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден бұрын келісілген 1 млн теңгенің 500 мың теңгесін пара ретінде алған» делінген хабарламада.

Корпоративтік қордың бас директоры ұсталып, Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар