Павлодар әкімі соғыс ардагерлеріне пәтер сыйлады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов майдангерлерге пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Біздің облыста барлығы 72 Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері тұрады. Біз олардың барлығының үйлерін аралап, майдангерлердің қалай өмір сүріп жатқанын көрдік. Өңірде өз баспанасы болғанымен, мемлекеттен пәтер алуға құқығы бар ардагерлер бар екені анықталды. Біздің облыста осындай ардагерлердің саны үшеу болып шықты және оларға пәтер беру туралы шешім қабылдадық», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ардагерлер 9 мамыр күні шеруге келгісі келеді. Олардың ешқайсысы 92-93 жастамын деп сезінбейді. Сонымен қатар, Ертіс өңірінде 101 жасқа толған үш соғыс ардагері тұрады. Олардың барлығы біздің елімізге тұрақтылық, гүлдену тілейді және Елбасына алғыстарын білдіруде. Әкімбек Әбдірайымов жақында 95 жасқа толды.

Ол 1942 жылы Калинин майданына Белоруссияның Витебск және Смоленск облыстарының аумағында 60-шы Автоматты полкінің 204-ші атқыштар дивизиясы құрамында, содан кейін Украина аумағында соғысты. Майданда көптеген жараланулардан кейін мүгедектік алды. Ардагердің 2 дәрежелі Отан соғысы ордені, Қызыл жұлдыз Ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі, Маршал Жуков медалі және мерейтойлық медальдары сияқты марапаттары бар.

Соғыс ардагері Құдайберген Қапсалямов Павлодар облысында дүниеге келген. Майданға 17 жастағы жасөспірім кезінде кетіп, 34-ші жеке жойғыш-танкке қарсы дивизионда артиллерист-көздеуші болып қызмет еткен. Ардагердің кеудесінде үшінші дәрежелі Даңқ ордені, «Варшаваны азат еткені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдары, сондай-ақ мерейтойлық марапаттары жарқырап тұр. 1950 жылдың маусым айында әскерден босатылғаннан кейін Құдайберген Капсалямов туған ауылына оралып, ішкі істер органдарында қызмет еткен. Еңбек жетістіктері үшін «Мінсіз қызметі үшін» медалімен және «Милиция үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Вячеслав Владимирович Чернышев 1944 жылы әскерге шақырылды. Ол бірінші Беларусь майданында, 26 гвардиялық атқыштар полкінде, 76 гвардиялық атқыштар дивизиясында соғысты. 1945 жылдың қаңтарында жеңіл жарақат алған. 1953 жылы КСРО Қарулы Күштерінің қысқаруына байланысты запасқа шығарылып, содан кейін әскер алдындағы қызметпен айналысты. Екінші дәрежелі Отан соғысы Орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

« Вячеслав Владимирович ешқашан пәтер сұрамады және маған да тыйым салды, міне бүгін біз үшін осындай жағымды тосын сый болды. Өкінішке орай, ұлымызды жоғалтып алдық. Қазір немерелердің пәтерінде өмір сүріп жатырмыз. Олар қазір Саратов, Ульяновск және Омбы қалаларында тұрады, - дейді ардагердің жұбайы Татьяна Ивановна Чернышева.

Облыс әкімі өңірде тұрғын үйге мұқтаж бірде-бір майдангер қалмағанын атап өтті. Сонымен қатар, биыл екінші дүниежүзілік соғысына қатысушыларға жеңіс күніне орай төлемдер 500 мың теңгеге дейін өсті.

Соңғы жаңалықтар