Павлодар әкімі: Ленинский кентіне апаратын жол биыл жөнделеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов қала маңындағы Ленинский кентінде орталық су құбырының құрылысын жергілікті тұрғындармен өткен есептік кездесуде ең басты міндеттердің бірі деп атады.

Бастапқыда кентті сумен Ақсудың магистралдық желілерінің көмегімен қамтамасыз ету жоспарланған еді. Алайда сараптама бұл жобаны тиімсіз деп таныған. Сондықтан әкімдік ауылда бес ұңғыманы бұрғылауға бюджеттен 50 млн. жуық теңгені бөлді.

«Ішкі ажырату жобасы бар, су қорлары да зерттелген. Сараптаманың бұл жоба бойынша қорытындыларын алғанда, біз сутартқыш пен тазалау құрылыстары кешенінің құрылысына бюджеттік өтінім береміз», - деді Б.Бақауов.

Ленинский кентінде жолдың жөнделуі проблемасы мен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жаңартылуы мәселесі биылғы жылы шешілуі тиіс, деп әкім уәдесін берді.

Мойылды ауылындағы есептік кездесуде Б.Бақауов бес қабатты ғимарат тұрғындарымен орталықтандырылған жылыту мәселесін талқылады. Проблеманы шешу жолдарының бірі бес қабатты үй тұрғындарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына қатысуы болуы мүмкін. Қажеттілік туындаған жағдайда әкім Мойылдыға өзі келіп, бұл бағдарлама туралы баяндап беруге уәде берді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

«Сіздер түсінуіңіз керек, қазандықтың құрылысын үйлеріңізде құбырлардың ішкі ажыратқышы мен батареялар болмай бастай алмаймыз. Яғни, бүгінде барлығы өз қолдарыңызда», - деп атап өтті Болат Бақауов.

Павлодар әкімі Кенжекөл ауылының тұрғындарына жол маңындағы бизнеспен айналысуды кеңес етті. Ауылдың жанында Шығыс Қазақстанды Астанамен байланыстыратын күре жол салынып жатыр. Қала әкімінің айтуынша, жолда автомобиль ағыны үлкен болып, оның жолаушылары мен жүргізушілер тауарлар мен қызмет көрсетудің әлеуетті тұтынушыларына айналуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар