«Павлодар» АЭА әлемнің үздік арнайы экономикалық аймағы болып танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы әлемнің жетекші «Financial Times» іскерлік газеті мамандандырылған fDi (Foreign Direct Investment) журналының 2018 жылғы үздік шикізат-ресурстық базасы мәртебесіне ие болды, деп хабарланды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында.

fDi Magazine журналы экономиканың жекелеген секторлары бойынша жаһандық инвестициялық қызметтің шолуын жасайды және бүкіл әлемдегі экономикалық аймақтардың рейтингін қалыптастырады.

Бұл басылым 10 жылдан аса уақыт аралығында жиілігі 2 айда бір рет және 15 мың дана таралыммен жарық көреді. Журналдың аудиториясына инвестициялық қорлар, банктер, трансұлттық корпорациялар, сондай-ақ шетелдік тікелей инвестициялардың бөлінуіне жауапты саяси және бизнес элита өкілдері кіреді. Тұтастай алғанда бұл әрдайым журналды оқитын 500 миллионнан  астам әлеуетті инвестор.

«Бұл журналда осы номинацияға ие болу - бұл сапасы жоғары шикізаттың қолжетімді болуына байланысты. Және кез-келген бизнес пен өндірісті дамыту үшін тартымды халықаралық инвестициялық платформа ретіндегі Павлодар арнайы экономикалық аймағының мәртебесін айқындайды», - деді АЭА Басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиев.

«fDi-дің үздік бағасы бұл басылым бетіндегі жай ғана сөз жолдары емес, журналдың рейтингісін үздік сарапшылар мен жаһандық бизнес элита мойындайды».

Қазіргі таңда «Павлодар» АЭА аумағында 30-ға жуық өнім түрі шығарылып, әлемнің оннан астам еліне экспортталады. АЭА-ның дайын өнімі түпкілікті тұтынушы үшін жоғары сапа және қолайлы баға ара қатынасымен ерекшеленіп, шетелде жақсы жағынан танылды. Бүгінгі таңда АЭА қатысушылары арасында ұйымдастырылған өнеркәсіптік ынтымақтастық, салықтың негізгі түрлерінен (ҚҚС, КТС, мүлік және жер салығы) босату, сондай-ақ кедендік баждардың болмауы сияқты жеңілдіктер кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін бос өндірістік тауашаларды игергісі келетін шетелдік кәсіпкерлер үшін үлкен қызығушылық тудырады.

«Жылдың үздік шикізат-ресурстық базасы (Best resources&raw materials base of 2018) мәртебесі fDi рейтингінің басты және өте маңызды номинацияларының бірі», - деді Айбек Тұрсынғалиев.

FDi веб-сайтындағы ақпарат 

Соңғы жаңалықтар