+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Патшайым Мария Стюарттың дұға кітапшасы Christie’s бәссаудасына шығарылады

2020 жылғы 2 маусым 13:16
Бөлісіңіз:
Патшайым Мария Стюарттың дұға кітапшасы Christie’s бәссаудасына шығарылады

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Шотландия патшайымы Мария Стюарттың дұға кітапшасы Christie’s бәссаудасына шығарылады. Ол £350,000 ($432,000) дейінгі бағада сатылатыны шамаланып отыр. Кезінде Марияның дұға оқыған кітапшасының парақтарында Шотландия патшайымының түрлі кезеңде қалдырған жазбалары сақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Молдовада төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды Бір тәулікте коронавирустан Бразилияда - 631, Үндістанда 500 адам көз жұмды Үнді киносының жұлдыздары коронавирус жұқтырды

Мария Стюарттың есімі өзінің романтикалық өмірімен, саяси қайшы тұруымен және бөле әпкесі, патшайым Елизавета І-нің «қолынан» қаза болуымен есте қалған.

Christie's, бәссауда үйінің саудаға шығаратын қолжазбасы бастапқыда Фонтевро аббаттығы монастырінің бастығы Луиза де-Бурбон-Вандом үшін жасалған. 1558-1561 жылдар аралығында Луиза оны өзінің жиеншары Марияға тапсырған.

Кітаптың бастапқы бетінде Луизаның монограммасы мен эпиграфы қалды. Кітапта, сондай-ақ, Мария қалдырған жазба мен «VA TU MERITERAS» анаграммасы бар.

Қолжазба шебер Франсуа де Роган есімімен белгілі суретшінің 40 миниатюрасымен безендірілген. Бәссаудашылардың айтуынша, де Роган патша Франциск І-нің айналасындағы сұранысқа ие суретшілердің бірі болды.

Мария Стюарт - Шотландия патшасы Яков V мен Франция ханшайымы Мария де Гиздің қызы. Марияның әкесі қайтыс болып, дүниеге келуінің алтыншы күнінен бастап Шотландия патшайымы атанды.

15 жасында ол Франция тағының мұрагері Францискке тұрмысқа шықты. Бір жылдан кейін, 1559 жылы Франциск таққа отырды.

Ағылшын патшайымы Елизавета І-нің бұйрығымен Мария Стюарт 18 жыл бойы Англияда қамауда болды. Елизаветаның ойлауынша, Марияның католиктік діни сенімінің кесірінен ағылшын тағына қауіп төндірген. Мария Стюарт патшайым Елизавета І-ні өлтіру мақсатымен қастандық жасауда айыпты деп танылып, 1587 жылы басы кесіп алынған.

Christie’s айтуынша, патшайым дұғалық кітапшасын Шотландияға 1561 жылы әкелуі мүмкін.

Бәссауда үйінің кітапшаны саудаға 29 шілдеде Лондонда шығаратыны хабарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT