Патрульдік полицейлерге судан құтқаратын жабдықтар таратылуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полицейлерге темір кесетін қайшы, судан құтқаратын дөңгелек, арқан және тағы басқа жаңа жабдықтар берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес су қоймалары маңында кезекшілік атқаратын полицияның машина экипаждары бұдан былай суда құтқару керек-жарақтарымен жабдықталатын болады.

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірдің патрульдік полицейлеріне жаңа жабдықтар табыс етілді. Енді жекелеген патрульдік машиналарда бейінді құрал-саймандардан: апаттық белгі, өртке қарсы кенеп мата, алкотестер, темір кесетін қайшы, сондай-ақ судан құтқаратын дөңгелек, екі көкірекше, арқан болады.

«Батальонның, басқа да бөліністердің қызметкерлері кез келген жағдайда адамдарға көмекке келуге әзір екендіктерін бірнеше мәрте дәлелдеді. Мұз астына кеткен адамдарды екі рет алып шыққан полиция старшинасы Руслан Қыдырминнің ерлік ісі көпшіліктің есінде. Ал, 2016 жылғы жаздың басында суық суға құлаған студентті - түнде, қамыс арасынан патрульдік полицияның төрт қызметкері іздегені есімізде. Сол себепті, бұл жабдықтар біздің қызметкерлерге қажет», - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ППБ командирі Ерлан Мәдиев.

Бұл жаңашылдық өзен-көлдері көп СҚО үшін, әсіресе шомылу маусымында өзекті. Полицейлер құтқарушылармен бірге жағажайларда бірлескен рейдтерді жүргізеді, сондай-ақ белгіленбеген орындарда суға түсетіндермен түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Жаңа жиынтықтарды әзірге тек жолдарды патрульдейтін облыстық батальонның қызметкерлері ғана алды.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың тапсырмасы бойынша жаңа құрал-жабдықтармен алдағы уақытта су маңында кезекшілік атқаратын қалалық бөліністің машиналары да жабдықталады.

null

Соңғы жаңалықтар