Патриция Аркетт екінші пландағы үздік актриса ретінде «Оскар» сыйлығын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Патриция Аркетт «Екінші пландағы үздік актриса» аталымында АҚШ киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын алды.

«Оскар» сыйлығын табыс ету рәсімі дәл осы уақытта Лос-Анджелес қаласында өтіп жатыр.

12 жыл бойы түсірілген «Балалық шақ» (Boyhood) фильмінде екі баласы бар жалғызбасты ана - Оливия Эванстың рөлін ол тамаша сомдап шыққан. Осы үшін актриса биылғы маусымның барлық жүлдесін, соның ішінде «Алтын глобусты» да иеленді. Бұл - оның алғашқы «Оскары».

Соңғы жаңалықтар