Пәтерлері өртеніп кеткен алматылықтар мектепке орналастырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Көкжиек шағын ауданында пәтерлері өртенген отбасылар уақытша баспанамен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық ТЖД хабарлағандай,  Жетісу аудандық әкімдігі жапа шеккен отбасыларды №177 жалпы білім беретін орта мектепке орналастырды.

Еске салсақ,  6 қабатты үйде тұтанған өрт 17:44 ауыздықталып, 18:06-да сөндірілген болатын. Тілсіз жау 1180 шаршы метр аумақты шарпып, бірнеше пәтерді, балкондарды, үйдің шатырындағы мансард қабатын түгел жарамсыз етті.

Оқиға бойынша арнайы штаб құрылды. 300 адам, оның ішінде 52 бала  қауіпсіз жерге шығарылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар