Пәтерлерде газ баллондарын пайдаланатын алматылықтарға айыппұл салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Пәтерлерде газ баллондарын пайдаланатын алматылықтарға айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы Динара Жусанбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында маман мәлім еткендей, олар газ жабдықтарын, қазандарды, баллондарды және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде пайдалану қауіпсіздігі бойынша айлықтарды үнемі өткізіп тұрады.

Мысалы, 2021 жылдың 11 айында 70-тен астам базар, 78 сауда үйлері және 1160-тан астам қоғамдық тамақтану объектілері тексерілді. Алматының 383 қоғамдық тамақтану нысандарында газ баллондарынан ақау шықты.

Қолданыстағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңнамаға сәйкес тұрғын үй саясаты басқармасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың, сондай-ақ тұрмыстық баллондардың газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді.

Мәселен, өткен жылы ТКБ қызметкерлері мегаполистің көпқабатты үйлеріндегі газ баллондарын пайдалану бойынша жоспардан тыс 15 тексеру жүргізді.

Нәтижесінде 48 мың теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 5 тұрғын тартылды.

Еске салсақ, ҚР-да көп қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынған.

«Біз Алматыда газды пайдалануға байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамдық тамақтану объектілері мен сауда базарларында басшылық пен персонал тарапынан немқұрайлылықты көріп отырмыз. Бұл ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына, сондай-ақ түрлі зардаптарға әкелуі мүмкін. Тағы еске саламыз, пәтерлерде газ баллондарын пайдаланатын алматылықтарға айыппұл салынады», - деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының лифт, газ және қазандық жабдықтарын бақылау бөлімінің бас маманы Динара Жусанбекова.


Соңғы жаңалықтар