Пәтерлер шағын: ҚР-да халықтың 26% бес және одан да көп адам болып тұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда көптеген елдермен салыстырғанда жылжымайтын мүлікке иелік ету коэффициенті айтарлықтай жаман емес. 2020 жылғы таңдалмалы зерттеу нәтижесі бойынша, үй қожалығы бар тұрғын үйдің 86,8% отбасы мүшесіне кіретіндердің біріне тиесілі болды. Салыстырмалы түрде: Ресейде бұл көрсеткіш 89%, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлікке иелік ету коэффициенті бойынша рейтингіге енген үздік елдер - Румыния (95,8%), Мажарстан (91,7%) және Черногория (91%). Жартылай мойындалған Косово мемлекетінде бұл көрсеткіш 97,8% жетті. Ең төменгі көрсеткіш – Швейцарияда (41,6%), Гонконгте (49,8%) және Германияда (50,4%). Еуропалық елдерде баспананы жалға алу үлесі дәстүрлі түрде жоғары және ол қалыпты жағдай саналады: ЕО бойынша жылжымайтын мүлікке иелік ету коэффициенті 69,8% құраған.

Сонымен қатар, ҚР-да дамыған елдермен салыстырғанда баспана адам басына шаққанда 23 шаршы метрге жуықтан келеді (Германияда – 39 ш.м, Ұлыбританияда – 70 кв.м).

ҚР-да үй шаруашылығының орташа көлемі қалада үш адамды және ауылдық жерлерде төрт адамды құрайды. Халықтың 26% үй шаруашылықтарында бес және одан да көп адамнан тұрады. Сондай-ақ балалы әрбір оныншы үйде кем дегенде төрт баладан бар. ҚР-дағы беби-бумның өсіп жатқанын есепке алғанда, олардың әрқайсысына баспана қажет. Сондықтан, баспана мәселесі елде өзекті болып отыр.

Бір жағынан, ҚР-да азаматтарды баспанамен қамтуды арттыру үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен даму институттары бар, ал екінші жағынан – бұл жеткіліксіз.

Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының мәліметінше, ҚР-дағы әрбір үшінші пәтер мемлекеттік бағдарламамен сатып алынуда. Алайда, әр бағдарламаның құны мен мерзімі бойынша шектеуі бар. Кейбір танымал мемлекеттік бағдарламалар («Баспана хит») аяқталып жатыр.

Kapital.kz хабарлауынша, Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев былай деп ескертті: «Экономиканы қалпына келтіру қарқынын есепке ала отырып, негізгі бағдарламалар 2023 жылдың соңына қарай мерзімінен бұрын аяқталатынын жоққа шығармаймыз». Бұл «7-20-25» бағдарламасына да қатысты. Бағдарламаға бөлінген 1 трлн теңгенің тек 400 млрд теңгесі ғана игерілгенін айта кетейік.


Соңғы жаңалықтар