+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Пәтерінен жылыжай жасап, марихуана өсірген астана тұрғыны ұсталды

2020 жылғы 28 қараша 13:21
Бөлісіңіз:
Пәтерінен жылыжай жасап, марихуана өсірген астана тұрғыны ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары пәтерден есірткі өсіретін жылыжай тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде автобус жүргізушісі есірткі қабылдап рульге отырған Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталды Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды

Жас жігіт импровизацияланған жылыжайда өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіріп, оларды пластикалық бөтелкелерге отырғызған.

Оның пәтерін тінту кезінде марихуананы өсіруге қажетті құрал-жабдықтар табылды, мысалы, термореттегіш, ауа жіберетін желдеткіш, күн сәулесін ауыстыруға арналған энергия үнемдейтін шам, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар, сондай-ақ пайдалануға дайын есірткі табылды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол интернеттен марихуананың «элиталық» сұрыптарын сатып алған және сол жерден есірткі өсіру тәсілдері туралы білген. Содан кейін ол марихуананы жеке пайдалану үшін де, оны елорданың «шығармашылық» студенттері арасында сату үшін де өсірген.

Медициналық сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде «есірткі жылыжайының» иесі есірткі тұтынған мас күйінде болған.

Қылмыстық істі тергеу аясында қызметкерлер елорда аумағында есірткі өткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да сыбайластарын анықтау, сондай-ақ оны өндіру үшін «есірткі шикізаты» тұқымдарын жеткізу арналарын анықтау және жою бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізеді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 296 және 300-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT