Пәтерінде құлап, баласына есік аша алмаған: СҚО-да әйел құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бір күнде екі әйел құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Бірі өздігінен саусағындағы сақинасын шеше алмаса, екіншісі пәтерінде құлап, баласына есігін ашуға шамасы келмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 8.00 шамасында «112» номіріне Петропавлдағы 20-ықшамауданның 45 жастағы тұрғыны хабарласқан. Әйел саусағының ісіп, сақинаның шешілмей жатқанын айтқан. Құтқарушылар оған санаулы минутта көмек көрсетті.

«Сақинаны әйелге зиян келтірмей абайлап шешу қажет болды. Арнайы қайшыны қолдандық. Бұған дейін де бірнеше әйелге осындай көмек көрсеткенбіз. Ал бір жағдайда баланың саусағынан ойыншық дротиктің шығыршығын кесіп алдық», - дейді құтқарушылар тобының жетекшісі Опал Жолдаспаев.

Сол күні кешкі сағат 20.00-дер шамасында тағы бір әйелге құтқарушылардың көмегі қажет болды. «112» қызметіне ер адам хабарласып, Петропавлдағы Хименко көшесіндегі шешесінің пәтеріне кіре алмай жатқанын айтқан. Ол 78 жастағы анасының үйде екенін айтқан, есіктің сыртынан әйелдің көмек сұраған даусын естіпті.

Құтқарушылар ер адамның рұқсатымен альпинистік жабдықты қолданып, қабатта орналасқан пәтерге терезе арқылы кірді. Үй иесі әйел ас бөлмесінің кіреберісінде құлаған екен. Қозғалуға шамасы болмаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі әйелді ауруханаға алып кетті.

«Біздің жұмыста мұнда й жағдайлар жиі болып тұрады. Көбінесе жалғызілікті көршілеріне алаңдаған тұрғындар хабарласады. Шақыртуға барамыз. Кейде жедел жәрдем қызметін шақырамыз, кейде оған кеш болып жатады», - дейді құтқарушылар тобының жетекшісі Нұрболат Айсин.


Соңғы жаңалықтар