+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адам ұсталды

2020 жылғы 20 қыркүйек 06:15
Бөлісіңіз:
Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада пәтерді жалға алған адам онда тұрған қымбат теледидарды ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қарасора-2020»: Таразда 3 қап есірткі тәркіленді ШҚО-да зейнеткердің 18 млн теңгесін ұрлап кетті Ақмола облысында іздеу жарияланған үш қылмыскер өзге өңірде ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғынынан арыз түсті. Онда 60 жастағы әйел өзінің арызында жалға берген пәтерінде қымбат теледидар ұрланғанын айтқан. Оған күдікті ретінде пәтерде уақытша тұрып жатқан адам көрсетілген.

«Пәтер иесі үйін тексеруге келгенде пәтерден қымбат теледидар қолды болғанын көрген. Бұл жөнінде әйел полицияға дереу хабарласқан. Күдікті пәтер иесіне 250 мың теңге шығын келтірген. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Қазір 28 жастағы қызылордалық тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1 - бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Соңғы уақытта осы тектес деректер жиілеп кетті. Сондықтан жалға беру шарттарын міндетті түрде заңдастыруға кеңес береміз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ, Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 әйел қолға түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT