+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Пәтерді тіркеу кезінде алаяқтардан сақтану үшін блокчейн енгізу ұсынылды

2018 жылғы 24 желтоқсан 11:14
Бөлісіңіз:
Пәтерді тіркеу кезінде алаяқтардан сақтану үшін блокчейн енгізу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде блокчейн технологиясын енгізу арқылы алаяқтармен күресуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тіркеу мәліметтерінің болмауы немесе мүліктің уақтылы тіркелмеуі меншік құқығын жоғалтуға алып келетіні белгілі. Мүлікті жалған құжаттармен тіркеу фактілері бар. Сондықтан бұндай әрекеттерге блокчейн технологияларын енгізу есебінен тосқауыл қоюға болар еді. Алаяқтықпен күрес мақсатында блокчейн жүйесін қолдану шаралары Үндістанда енгізілген. Сонымен қатар, оны Украинада, Швецияда және басқа да елдерде кеңінен пайдалану жоспарланып отыр», - деді В. Божко жылжымайтын мүлік мәселесіне арналған Үкімет сағатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев блокчейн технологияларын енгізу арқылы мемлекеттік органдардағы ашықтық деңгейі айтарлықтай өзгеретінін атап өткен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT