Пәтердегі тұрғындарды банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банк қосымшасына пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару қызметі енгізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді бір баспанада тіркелген адамдардың санын Halyk Homebank қосымшасы арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар, аталған қосымшада пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару мүмкіндігі қарастырылатын болады», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Атап айтқанда, бұл қызмет «тіркеуден шығару» бөлімінде іске қосылады. Осы қызмет түрі тек Қазақстан азаматарына, яғни жылжымайтын мүлік иелеріне арналған.

Жаңа қызмет цифрлық банк мүмкіндіктерін кеңейту аясында Ішкі істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдау жасауы арқылы енгізіліп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі брифинг барысында бір аптада Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелгені айтылды.


Соңғы жаңалықтар