+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Пәтерде қанша адам тіркеуде тұрғанын қалай білуге болады

2021 жылғы 23 ақпан 11:34
Бөлісіңіз:
Пәтерде қанша адам тіркеуде тұрғанын қалай білуге болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары пәтерде қанша адам тіркеуде тұрғанын қалай білуге болатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Тұрғын үй иесі тіркелген азаматтардың санын екі жолмен біле алады. Біріншісі, Egov.kz портал арқылы. Ол үшін порталға кіріп, ЖСН мен парольді немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізу қажет. Жеке кабинетке өткен соң «мүлік» бөлімінде «тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру» тетігін таңдайсыз», - делінген филиалдың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Екінші тәсіл, EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі «Старт» батырмасын басып, «қызметтер» санатына өту қажет. Содан кейін «Жылжымайтын мүлік» бөліміндегі «менің пәтерімде қанша адам тіркелген» тетігін таңдайсыз.

«Егер меншігіңізде бірнеше пәтер болса – тізімнен қажетті мекенжайды таңдауыңыз қажет. Ұялы телефонға келген тексеру кодын енгізесіз. Қажетті ақпарат бірнеше минут ішінде дайын болады», - делінген хабарламада


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT