Пәтер жалдау бағасы қымбаттады деп ТikTik-қа әзілі түсірген әйел жазаланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордалық әйел жалға алу бағасының көтерілуіне байланысты пәтерден шығару туралы ТikTik-ғы «әзілі» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны отбасымен табиғатқа шығып, «500 мың төлемесеңдер квартираны босатыңдар деп каналда түнеп жатырмыз» деген TikTok-та видео жариялады.


Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде постағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бергені анықталды. Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты. Бір сәтте мыңдаған адамдардың назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы «арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру» әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.

Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар