Пәтер жалдап тұратын 90 жастағы түркістандық кейуана үйлі болды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Пәтер жалдап тұратын 90 жастағы түркістандық кейуана баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласының тұрғыны Рабия Төребаева 90 жасқа толған шағында тұрғын үйге қол жеткізді.

Бүгінге дейін пәтер жалдап, күнелтіп келген кейуанаға қайырымды жандар қаражат жинап, жаңа мөлтек ауданнан 2 бөлмелі пәтер алып берді.

Игі іске қалалық ақсақалдар алқасы ұйытқы болған.

«Бізге келген жалғызбасты ана жағдайын айтып, көмек сұрады. Үрім-бұтағы жоқ екен. 65 жылдан бері пәтер жалдап, күнелтіп келген. Ақсақалдар алқасының мүшелері ұйымдаса отырып қаржы жинадық. Демеушілер іздедік. Нәтижесінде жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтер алып бердік»,-дейді қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Кішібай Жұмаділда.

Үйдің кілтін алып, көңілі қуанышқа кенелген кейуана игі іске үлес қосқан жандарға алғысын жеткізді.

Замандастары ән шырқап, сыйлық табыстады. Лента қиып, қоныстойға құтты болсын айтты.



Соңғы жаңалықтар