Пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш адам пәтерлерге кіріп құнды заттарды ұрлаған. Олардың 27 қылмыстық эпизодқа қатысы бары анықталды.

«Ұрлыққа жұмысқа баратындай болып шыққан, таңертең жиналып, аулаларды аралап, терезелерді, көпқабатты үйлердің кіреберістерін қарайлап жүрген. Көбінесе адамдардың басым бөлігі жұмыста болады. Олар домофонды басқан, егер ешкім жауап бермесе, ішке кіріп, кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттарды жымқырып кететін болған. Екеуі ұрлық жасаған кезде, үшіншісі «қонақтардың» келіп қалуынан сақтандырып, төменгі қабатта күтіп тұрған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде үшеуі де ұсталды. Олардан заттай айғақтар: ақша, гаджеттер, құжаттар, банк карталары бар әмияндар тәркіленді», – деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Қазіргі уақытта осы топ мүшелері ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі 32 жастағы жігіт бұрын сотталған. Оның сыбайластары - 25 және 34 жастағы екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Бірақ, адал жолмен ақша тапқысы келмеген қылмыскерлер заң алдында бірдей жауап береді«, – деді полковник Әділбеков.


Соңғы жаңалықтар