Пәтер тонаушылардан қалай қорғануға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы пәтер тонаушылардан қорғану жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада пәтерге түсетін қылмыскерлер өте көп. Көп жағдайда оған азаматтардың қамсыздығы да мұрындық болады екен.

«Қылмыскерлер әлеуметтік желіден көп ақпарат алады. Facebook немесе Instagram желісіне 10 күнге курортқа кеткеніңізді жазсаңыз, пәтер бос екені бәріне белгілі болып қалады. Үй иесінің суреттері мен ақпараттарын ақтарып отырып қылмыскерлер оның мекенжайын оп-оңай анықтап алады»,- деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, көбіне ұрылар жаз мезгілін ұтымды пайдаланады.

«Қаланың шекарасы ашық. Көбіне қылмыс жасайтын адамдар шеттен келеді. Алматы облысынан келгендер жерлестерінің үйінде бір топқа бірігіп алады. Ал Шығыс Қазақстаннан келген қылмыстық топ біразға дейін осал тұсын бермей жүрді. Олар біраз күнге келіп, бірнеше пәтерді "тазалап", Шығыс Қазақстанға кетіп қалатын. Біраз уақыт өтіп, тыныштанған соң қайта келіп оңай олжаға кірісетін», - деді Салтанат Әзірбек.

Қалалық полиция ұрылардан қорғану мақсатында бірнеше тәсіл ұсынды.

«Ең алдымен аулада бейнекамера болуы тиіс. Жекеменшік күзет компаниясымен байланыста болу керек. Сонымен қатар, бейтаныс адамдарға өзінің жоспары туралы айта беруге болмайды», - деді ол.­­

Соңғы жаңалықтар