Пәтер кезегінен шығарылған жалғызбасты ана елордалық басқарманы сотқа берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жалғызбасты ана тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының үстінен сотқа арызданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта анықталғандай, азаматша О.-ның елорда тұрғыны ретінде тіркеуде болмауына байланысты тұрғын үй комиссиясының 2019 жылдың 4 ақпанындағы шешімімен ол коммуналдық қордан баспанаға мұқтаждар тізімінен шығарылған. Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде арыз беруші жетім әрі жалғызбасты ана, сондай-ақ екінші топтағы мүгедек екенін дәлелдеген.

«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң нормаларына сәйкес, аталған санатқа жататын адамдарды мұқтаждар тізімінен алып тастауға болмайды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотынан.

Есіл аудандық соты әйелдің талаптарын толық қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар